Астанада шығармашыл жастардың гала-концерті өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 сәуір күні Конгресс-холлда Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жастар Жалыны - 2016» атты шығармашыл жастар фестивалінің ресми жабылу салтанатына арналған гала-концерт өтеді. Бұл туралы «Жас Отан» жастар қанатының баспасөз қызметі хабарлады.