Жапондық «Ниппон» қоры Түркі академиясымен ынтымақтастық орнатуға ниетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымына жапониялық «Ниппон» қорының атқарушы директоры Йоджи Мори, Қордың халықаралық бағдарламалар бойынша үйлестірушісі Икуко Окубо мен «Жапонияның Түркиямен және Орталық Азиямен достығы ассоциациясының» төрағасы Киоко Врбоски келді, деп хабарлады халықаралық ұйымның баспасөз қызметі.