Еуропа қайта құру және даму банкі Батыс Қазақстан облысымен байланысты нығайтпақ
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Еуропа қайта құру және даму банкі Батыс Қазақстан облысымен қарым-қатынасты нығайта түспек. Бұл туралы өңір инфрақұрылымын дамыту жобаларын бірлесіп қаржыландыру мәселелері талқыланған БҚО әкімі Алтай Көлгінов пен Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джанет Хэкманның кездесуінде мәлім етілді.