Атбасарда қызыл судың жайылуына жол берілмеді - С.Кулагин
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасар қаласында барлық қызметтер үйлесімді іс-қимыл танытып, елді мекенді су басуына жол бермеді.
Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде айтылды. Кеңесте көктемгі су тасқынының алдын алу және елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту және көгалдандыру туралы мәселелер қаралды.