Бұл күні қазақ халқының біртуар перзенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген
АСТАНА. ҚазАқпарат - 117 жыл бұрын (1899-1964) Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, КСРО және Қазақстан Ғылым академияларының академигі, Тәжікстан Ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты СӘТБАЕВ Қаныш Имантайұлы дүниеге келді.