Еуразиялық үкіметаралық кеңесте ЕО мен «Жібек жолы» диалогын қалыптастыру мәселесі талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссия үшін Еуропалық Одақпен жұмыс істеу, Қытай Халық Республикасымен диалог орнатудың нақты тетіктері айқындалды. Ол бойынша Үкімет басшылары осы екі бағыттағы ынтымақтастықтың стратегиялық жолдарын талқылап, негізгі мәселелерге назар аударды. Бұл туралы бүгін Мәскеуде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша брифингте ЕЭК алқасының төрағасы Тигран Саркисян мәлім етті.