Білім реформасының жағымды жағы қандай, жағымсызы не?
АСТАНА. ҚазАқпарат - 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 79-шы қадамында жоғары сыныптар мен ЖОО-да кезең-кезеңімен ағылшын тілінде оқытуға көшу көзделген. Басты мақсат - даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру. Жалпы халықты дәл қазіргі уақытта, 5 күндік оқу жүйесі мен білім беру процесіне енгізілетін 3 тілдік норма қатты алаңдатып отыр. Жалпы білім беру саласындағы сансыз реформалардан шаршаған халық, бұл жолы да қолын сілтеді. Неге? Енгізілгелі отырған жаңалықтың жағымды жағы қандай, жағымсызы не?