Қытайлық инвесторлар Үржар ауданындағы құс фабрикасының құрылысын қаржыландыруға ниетті
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Жуырда аймақ басшысы Даниал Ахметов ҚХР инвесторларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қытай Халық Республикасы компанияларының Үржар ауданында салынатын құс фабрикасының құрылысын қаржыландыру мәселесі қаралды, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.