Тимур Құлыбаев Халықаралық олимпиада комитетінің төрағасымен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның Лозанна қаласына Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті басшылары ресми сапармен барып, делегация Халықаралық Олимпиадалық комитетінің штаб-пәтерінде болды. Кездесу барысында ұйым басшылары әлемдік олимпиада қозғалысын дамыту, бұндағы құндылықтарды ілгерілетудегі Орталық Азия өңірінің рөлін, спорт саласындағы жаһандық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, «Олимпиадалық Күн тәртібі-2020» бойынша ұсынымдарды жүзеге асыру туралы сөз болды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінен хабарланды.