Ядролық қарусыз әлемді орнатуға барлық ел үлес қосуы керек - А.Құрымбаев, БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде атап өткеніндей, қазіргі кезде әлемге үлкен қауіп төніп тұр. Сондықтан ядролық қарусыз әлемді орнатуға барлық ел үлес қосуы керек. Бұл туралы тарих магистрі, өлкетанушы Айболат Құрымбаев мәлім етті.