ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Бекпанов Бақытбек Тұрсынбекұлы Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.