19 сәуірде еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, желдің күшеюі және тұман күтіледі. Тек Қазақстанның шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.