Геннадий Головкин: «Мейвезер и Пакьяо рингке қайта оралуы мүмкін»
АСТАНА.ҚазАқпарат - WBA (Super), IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин қазіргі кездің ең танымал боксшылары - кіші Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо кәсіби бокстан кеткені жайлы мәлімдегенмен, қайта оралуы әбден мүмкін деп санайды, деп жазады Спортс.кз.