Қ. Тоқаев: Еуразия - қазіргі әлемнің арқауы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде «Еуразия өңірі ХХІ ғасырдағы ортақ игілігі жолындағы парламентаралық ынтымақтастық» тақырыбында Еуразия мемлекеттері парламент спикерлерінің бірінші кеңесі болып өтті. Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Сергей Нарышкин мен Корея Республикасы Парламентінің Спикері Чон Ый Хва бастамашылық жасаған шарада Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі.