ОҚО-да «ONTUSTIK TOURISM CENTER» туристік ақпараттық орталығы ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «ONTUSTIK TOURISM CENTER» туристік ақпараттық орталығы ашылады. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының бөлім басшысы Перизат Қонысбаева мәлім етті, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.