Қазақстанда туберкулезге қарсы жаңа препарат енгізілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда көптеген дәрі-дәрмекке төзімді келетін туберкулезді емдеуге арналған Бедаквилин препараты енгізілді. Бұл туралы бүгін Алматыда Туберкулез мәселелері ұлттық орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында осы орталықтың директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жұмағали Исмаилов мәлімдеді.