Ақмола облысының Астана агломерациясында тау шаңғысы паркі салынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сарапшылар Ақмола облысының Ақкөл қаласы ішкі туризмнің өсу нүктесіне айналатынына зор сеніммен қарайды. Осыған орай, Астана агломерацисына біраз инвестициялар бағытталады деп күтіледі. Өңірде қолдау тапқан сондай жобалардың бірі «8 Шың» тау шаңғысы паркі. Бұл туралы облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы» баспасөз қызметінен хабарланды.