Саламатты өмір салтын ұстану - болашаққа деген сенімділікті арттыра түседі - С. Әзірбек
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 8:00-де V Алматы Марафоны басталған болатын. Оған 13 000-нан астам адам қатысқан еді. Олардың арасында қарапайым қала түрғындары, белгілі спортшылар мен кәсіпкерлер, жоғары оқу орындары, Алматы әкімдігінің өкілдері және басқа да көптеген мекемелердің қызметкерлері бар. Солардың бірі - Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек бүгін 10 шақырымға жүгірді.