"Окушылардың шетел тілін үйренудегі қызығушылығын арттыру жолдары"
«Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту- ең маңызды мақсат»
К.Д.Ушинский
Жеке тұлғаның мотивациялық жүйесі сол адамның ішкі жан – дүниесі мен сыртқы мінез – құлқын көрсететін, оның қоғамдағы орны мен мәдени – рухани деңгейін анықтайтын аса маңызды факторлардың бірі екені даусыз. Мотивация – адамзат әрекетіндегі негізгі қозғалтқыш күш болып табылады, яғни белгілі бір мақсатқа жету үшін ынталандыру үдерісі.
Әлеуметтік-психологиялық мінездеме, ерік қасиеттері, көңіл – күй, шағымдар, әлеуметтік күтілім, бағыт құндылықтар – барлығы тұлғаның жеке қасиеті болып табылып, мотивациялық ортаның түсінігін береді.
Шет тілін оқытуда мотивацияның басты рөлін түсіну үшін, білім беру мекемелерінде мұғалімдерге оның негізгі әдіс – тәсілдерін, құрылымын жақсы білуі қажет. Мотивация мәселелерін қарастыруда және қалыптастыру жолын іздестіруде оны түсінуге мүмкіндік бола бермейді, себебі, мотивацияның қалыптасуы бұл мұғалімнен оқушыға берілмейтіндігі әр сабақтың үрдісінде көрінеді. Уәждердің қалыптасуы - бұл, біріншіден, сабаққа деген ішкі ынта сезімінің көрінуі және барлығын түсіне отырып, мотивациялық құндылықтар ортасын өз бетінше әрі қарай дамытуы.