ЭКСПО-2016 көрмесінде бүкіл әлем Қазақстанның емдік өсімдіктерін танып жатыр (ФОТО)
АНТАЛИЯ. ҚазАқпарат - Түркия Республикасының ең көрікті жерлерінің бірі - Анталия қаласында төрт күннен бері халықаралық ЭКСПО-2016 көрмесі өтіп жатыр. «Гүлдер мен балалар» тақырыбын арқау еткен ЭКСПО Анталия-2016 көрмесін оған қатысып жатқан қырықтан астам ел мен отыз халықаралық ұйым Анталияның жаңа орталық аумағын әдемі бау-бақшаға айналдырып жіберген.