Шет тілінде оқушылардың дайындықсыз сөйлеу қабілетін дамыту
Тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатыны белгілі.Сондықтан тілдің әртүрлі деңгейіндегі тілдік бірліктердің ерекшеліктері, сөйлеудің коммуникативті түрлері, сөйлесімдер мен мәтіндердің коммуникативтілігіне негіз болып отыр. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау қажет ететіндігі айқындалды.
Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектеп білімнің негізгі мақсаты - оқушының шет тілінде дайындықсыз сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Біз шетел тілін оқыту туралы айтқанда, оны ең алдымен қатынас құралы ретінде оқимыз. Шет тілінде сөйлеудің негізгі мағынасы - адамның әлеммен қарым-қатынасы, адам санасында көрініс табатын ой. Сөйлеудің негізгі объектісі - адамның шыншыл өмірмен байланысы. Биляевтің ойынша, шетел тілін игеру – бұл басқа тәсілдермен және жолдармен санадағы ойды шығару. Сөйлеудің құрылымына тоқталатын болсақ, оны психологтар былай көрсетеді. Сөйлеуді адамдар бірдеңені айту қажеттілігі туған кезде қолданады. Шет тілін оқытудың алғашқы сатыларында оқушыларда шет тілінде өз ойын жеткізу қажеттілігі туады.