Футболдан ҚР Кубогының ширек финалында «Қайрат» «Жетісу» командасымен кездеседі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында футболдан Қазақстан Кубогының ширек финалы кезеңінің жеребесі тартылған болатын. Оның қорытындысы бойынша Алматының «Қайраты» Талдықорғанның «Жетісу» командасымен кездесетін болды, - деп хабарлайды бүгін «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметінен.