АУА РАЙЫ: Бүгін Қазақстан аумағында жауын-шашын түсіп, бұршақ жауады, үсік жүруі ықтимал
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, тек республиканың солтүстігінде және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз. Сондай-ақ, кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түсіп, желдің күшеюі сақталады, оңтүстік өңірде бұршақ жаууы. Ал Республиканың шығысында үсік түсуі мүмкін.