Қазақстанда орта білімді жаңғырту бойынша екі жұмыс комиссиясы құрылды
Қазақстанда мектеп оқушыларының демалыс мерзімін қысқарту және үштілді білім жүйесін енгізу бойынша жұмыс комиссиялары құрылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникалық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ мектепке дейінгі, орта білім және ақпараттық технология департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева мәлім етті.