Маңғыстау спортшылары дзюдодан халықаралық турнирде 20 медальды жеңіп алды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Каспий» спорт кешенінде биыл сегізінші рет қазақ батыры Ер Қосай Құдайкеұлының құрметіне дзюдодан халықаралық турнир өтуде. Турнирге Грузия, Әзербайжан, Түркия елдерінен, Қазақстанның барлық өңірлерінен 550 спортшы қатысуда. Оны Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық дзюдо федерациясы ұйымдастырып отыр.