Бейжіңде Қазақстанның ҚХР Шэньси провинциясымен ынтымақтастығы талқыланды (ФОТО)
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 18 мамырда ҚХР-дағы ҚР Елшісі Шахрат Нұрышев Шэньси провинциясының халықтық үкіметінің вице-губернаторы Ван Лисямен (Wang Lixia) кездесті, соның барысында провинция мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.