Ауыр атлетика: Алексей Ни Рио Олимпиадасына қатысуы мүмкін спортшылардың тізімін жариялады
АСТАНА. Төрт жылдықтың ірі бәсекесіне қатысатын спортшылардың нақты тізімі 3-7 маусым аралығында Талдықорған қаласында өтетін ел біріншілігінде анықталмақ. Алексей Нидің айтуынша Қазақстан чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар Рио Олимпиадасына бармақ, деп хабарлайды Қазақстан телеарнасының сайты.