Атырау облысы Махамбет ауданының жаңа әкімі тағайындалды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Махамбет аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты. Аймақ басшысы депутаттарға Махамбет ауданы әкімінің қызметіне Әлимұхаммед Құттымұратұлының кандидатурасын ұсынды. Депутаттар облыс әкімінің бұл ұсынысын бірауыздан қолдады