Сауд Арабиясында алаяқтығы үшін іздеуде болған Қазақстан азаматы ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Сауд Арабиясының астанасында 46 жастағы Қазақстан азаматы Мұхит Омар ұсталды. Оны аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін Қарағанды облыстық ІІД іздеп жүрген, деп хабарлады ҚР ІІМ баспссөз қызметі.