Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмысы 2017 жылдың ІІ тоқсанында аяқталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың екінші тоқсанында Атырау мұнай өңдеу зауыты толық жаңғыртудан өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.