АУА РАЙЫ: 25 мамыр күні еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек Республиканың орталығы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.