Әділбек Ниязымбетов ақтаулық жастарды салауатты өмір салтын ұстауға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қалалық білім бөлімі «Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Оқушылар орталығы» жанынан құрылған «Ақжелкен» аула клубы танымал боксшылар Әділбек Ниязымбетов пен Берік Әбдірахмановтың жастармен кездесуін ұйымдастырды, деп хабарлады аталған аула клубынан.