«Хабар» телеарнасы спорт жанкүйерлеріне бокс кешін ұсынғалы отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26-27 мамыр күндері «Хабар» телеарнасы спорт жанкүйерлеріне бокс кешін ұсынғалы отыр. Бүкіләлемдік бокс сериясындағы (WSB) жартылай финалдық кездесу екі күнге жоспарланғаны белгілі. «Астана арландары» Лондонда «Бритиш Лайнхартс» (British Lionhearts) командасына қарсы өткізетін бәсекені «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бұл кездесулер С1 және С2 салмақ дәрежелерінде өткізіледі.