Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Түлектер күні тойланып жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Түлектер күні тойланып жатыр. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматының 1 000 жылдығына арналған бұл салтанатты шараға университетті әр жылдары тәмамдаған жүздеген түлектер қатысты.