Алматы әкімдігіне жыл басынан бері Пәтер иелері кооперативтерінің үстінен 7000 шағым түскен
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы әкімдігіне жыл басынан бері Пәтер иелері кооперативтерінің үстінен 7000 шағым келіп түскен. Бұл туралы бүгін қала басшысы Бауыржан Байбек Пәтер иелері кооперативтерінің қызметіне қатысты өткен қалалық кеңесте мәлім етті.