Мәжіліс депутаттары ЖОО зертханаларын қаржыландыру және базалық жабдықтау мәселесін талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бюджет қаражатының және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылау жөніндегі Комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметінен.