Қазақстан сенаторлары Ақтөбедегі террорлық актіні айыптады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Парламенттің жоғарғы палатасы Бюросының отырысында Сенат спикері палата депутаттарының атынан Ақтөбедегі террорлық актінің салдарынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірді.