Қазақстанның шығысы мен солтүстігі өңіраралық ынтымақтастықты нығайтады
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында Солтүстік Қазақстан облысы күндері аясында аймақ басшылары Даниал Ахметов пен Ерік Сұлтановтың қатысуымен мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдары өкілдерінің кездесуі өтті.