Жасыл белдеу аумағында қосымша 1,5 млн-нан астам ағаш отырғызылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданы абаттандыру мен көгалдандыру сыртқы факторлардың атмосфераға жағымсыз әсерін азайтуға мүмкіндік береді. 2012 жылдан бері Астанада 1323,5 га жерге, «Оңтүстік-батыс бөлігі» және «Талдыкөл су жинағышы» учаскелерінде 1 846 560 көшет отырғызылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.