«Тастөбе АгроФуд» ЖШС Германиядан арнайы 90 бас асыл тұқымды сиыр алдыртқан - Алматы облысы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзен жағалағанның өзегі талмайтыны ақиқат. Бұл ой бізге кездейсоқ келген жоқ. Алматы облысы Қаратал ауданына қарасты Тастөбе ауылдық округіне ат басын бұрғанымызда туған тұжырым. Осыдан 15 жыл бұрын іргесін қалап, құнарлы да құйқалы топыраққа жүгері егіп бастаған «Тастөбе АгроФуд» жауапкершілігі шектеу¬лі серіктес¬тігі бүгінде Зеңгібаба түлігі есебінен табысын тасқындатып отыр, деп жазады «Жетісу» газетінің тілшісі.