17 маусымда Қазақстанның батысында аптап ыстық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, оңтүстік, оңтүстік-шығысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, найзағай болуы ықтимал. Кей жерлерінде найзағай, жел күшеюі күтіледі. Республиканың батысында күн ашық болады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.