ОҚО дихандары 500 мың тонна көкөніс пен бақша өнімдерін жинаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында диханшылар көкөніс, жемістерді және бақша дақылдарын жинай бастады. Бүгінгі күнге ерте көктемде егілген 450 мың тонна көкөніс, 40 мың тонна картоп, 50 мың тонна бақша өнімдері жиналды. Жинау жұмыстары жалғасуда. Аграрлы аймақта биыл көкөніс дақылдары 35 мың га, бақша 58 мың га, картоп 14 мың га аумаққа егілген.