Біз «Түркіміз» бе, «Түрікпіз» бе?
Қазақ баспасөзі мен кітаптарда соңғы жиырма-отыз жылда «түркілер», «түркі халықтары», «Түркі қағанаты» дейтін атаулы сөздер кеңінен қолданылып жүр. Қазақ тілінің ішкі үйлесімі бойынша, «түркі» дейтін сөздің ешбір оғашы жоқ, бірақ бұл - зат есім емес, сын есім - «қазақы» деген тәрізді; адами, кәсіби, ғылыми - бәрі бір орайда. Сондықтан «түркі» - мүлде басқаша ұғым бермек. (Осыған қарайлас «түрки» бар - яғни «түрік тілі».)