Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЭЙДС басшысымен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, ЮНЭЙДС (БҰҰ АИТВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасының) Атқарушы директоры Мишель Сидибемен кездесті.