Алматыда 6-16 жас аралығындағы балалар тұңғыш рет «Барселона» ФК-ның жаттығу лагеріне қатысады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Қазақстан және Орталық Азия бойынша тұңғыш рет Испанияның «Барселона» футбол клубының «Ла Масия» оқу академиясының балаларға арналған жазғы жаттығу лагері ашылады. Онда жас қазақстандық футбол әуесқойлары атақты оқу академиясының әдістемесі негізінде футболдың қыр-сырын меңгереді.