Павлодар облысында бірінші бесжылдықтағы 66 жоба жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізді
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 2010 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде Индустрияландыру картасы бойынша жұмыс істей бастаған 68 жобаның 66-ы жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде облыстың индустриялық-инновациялық басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров хабарлады.