Алматы облысының таулы өзендерінде су тасуы ықтимал - Алматы ТЖД
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Нөсер жауындар болады деген болжамға байланысты, 2016 жылдың 23 маусымында Алматы облысының таулы өзендерінде су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.