Даудың басы допинг - Апталық шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниенің дүбірлі додасына айналған Риода өтетін Олимпиада ойындары жақындаған сайын допинг дауы да жақыннан естіле бастады. Халықаралық олимпиада комитеті Рио-де-Жанейрода өтетін ойындарға таза спортшыларды ғана жіберу науқанына былтырдан бері бел шеше кіріскен секілді, алайда бұған наразылар саны да артып келеді.