20 жастағы қазақстандық бойжеткен Қытайда жыл студенті атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай елінің Шанхай педагогикалық университетінде білімін жетілдірген павлодарлық түлек Фарида Төлеубаева жыл студенті атанды. Ол қатарластарынан топ жарып шыққаны үшін шетелдік студенттер факультетінің деканы Хуанг МэйСюдің атынан екі бірдей дипломға ие болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.