Ақтөбеге «Алтын адам» келді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеге алғаш рет Ұлттық мұражайдың құнды жәдігерлерінің бірі - Алтын адам келді. Көрме өнер мұражайында ашылып, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. «Алтын адам» - тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан брендтерінің бірі болған сақ сарбазының киімі.